Батыста қарттар үйінде жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді

Батыста қарттар үйінде жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді

Іс-шара барысында тұрғындар мен қызметкерлерге төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстау ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік дағдылары пысықталды.

Сейсмикалық жаттығу теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды: алғашқы кезеңде эвакуациялау тәртібі мен қауіпсіз орындарды таңдау жолдары айтылса, кейінгі кезеңде нақты іс-қимылдар тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Оқу-жаттығу қарттар үйінің тұрғындары мен персоналының төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталды.