Батыс Қазақстанда су тасқынына дайындық жалғасуда

Батыс Қазақстанда су тасқынына дайындық жалғасуда

Департамент мамандары өңірдегі атқарылып жатқан іс-шаралардың барысын тексеруде.

Облыста су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

2025 жылға арналған бағдарламалық құжаттар аясында бүгінде 17 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылып, нәтижесінде 11 км қорғаныс бөгеті нығайтылды, 2 шақырымға жуық су бұру каналдары мен арықтар салынып, Қаратөбе ауданындағы Қалдығайты және Жақсыбай өзендерінің арналары кеңейтілді.

Жыл соңына дейін тағы 23 іс-шараны аяқтау жоспарланған. Бұл жұмыстар елді мекендердің су тасқыны қаупінен қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған.