Электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік

Электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік

Өрт – көбінесе біздің ұқыпсыздығымыз бен өрт қауіпсіздігі негіздерін білмеуіміздің нәтижесі. Қазіргі заманғы тұрмыстық электр құралдарын пайдалану және олармен өз тұрғын үйлерін жабдықтау есебінен адамның өмір сүру сапасын жақсартудағы үнемі өсіп келе жатқан қажеттігі салдарынан өрттердің туындау ықтималдығы артады, өйткені барлық тұрмыстық электр құралдары өзіне белгілі бір өрт қауіптілігін алып келеді және орнату, пайдалану кезінде талаптардың бұзылуы салдарынан өрттердің пайда болуының кең тараған себептерінің бірі болады. 

ҰСЫНЫЛАДЫ:

- электр құралын пайдаланар алдында нұсқаулықпен танысу;

- қуаты жоғары бірнеше электр құралдарын бір розеткаға қосуға жол бермеу;

- электр жылыту құралдарын жанбайтын заттың үстіне орнату;

- үйден шығар кезде электр құралдарын өшіру.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

- розеткада зарядтау құрылғысын қалдыру;

- электр құралдарының маңына тез тұтанатын материалдарды орналастыру;

- ақауы бар электр құралдарын пайдалануға;

- жылытқышты киім кептіру үшін қолдануға;

- жанып жатқан электр құралдарын сумен сөндіруге.

ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫ ЖАНЫП ЖАТСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК:

- 101 немесе 112 телефондары арқылы құтқарушыларды шақырыңыз;

-  электр құралының айырын розеткадан ажырату немесе пәтердің тогын электр қалқанынан айырыңыз;

- электр құралын қалың матамен жабыңыз, гүл егілген құмырадағы топырақты,   кір жуғыш ұнтақты үстіне төгіңіз (оттегінің кіруіне жол бермеу үшін).

Құрметті облыс тұрғындары! Сізден тұрмыста және жұмыс орнында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз. Қолдан жасалған және жарамсыз тұрмыстық электр құралдарын қолданбаңыз! Электр жабдықтарының жағдайын үнемі қадағалаңыз! Осы ережелерді сақтай отырып, Сіз өз өміріңізді және басқа адамдардың өмірін сақтайсыз!