От — ойыншық емес! Ата-аналарға арналған қауіпсіздік ережелері

От — ойыншық емес! Ата-аналарға арналған қауіпсіздік ережелері

Балалардың отпен ойнауы үлкен қауіп төндіреді. Өрттің алдын алу үшін әрбір ата-ана келесі ережелерді есте сақтауы қажет:

  1. Сіріңке мен тұтатқышты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
  2. Балаларға оттың қауіпті екенін түсіндіріңіз. Ойыншық емес екенін үнемі ескертіп отырыңыз.
  3. Газ плитасы мен пешті қараусыз қалдырмаңыз. Балалардың өз бетінше қолдануына жол бермеңіз.
  4. Үйде от жаққанда балаларды қадағалаңыз. Пеш, камин жанында ойнауға тыйым салыңыз.
  5. Өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіңіз. От шыққан жағдайда 101 нөміріне хабарласуды түсіндіріңіз.
  6. Электр құралдарын пайдалану кезінде сақ болуға үйретіңіз. Қол тигізбеу керектігін айтыңыз.
  7. Балалардың тәртібін бақылап отырыңыз. Сыртта от жағу, шөп не қоқыс өртеу сияқты әрекеттеріне жол бермеңіз.
  8. Үйде алғашқы өрт сөндіргіш құралын ұстаңыз. Қажет болған жағдайда үлкендердің көмегінсіз пайдалануға болмайтынын ескертіңіз.

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы