
Департамент ардагерлері мен қызметкерлеріне ерекше сый – «Ардагерлер сапта» атты кітабының екінші мерейтойлық басылымы табыс етілді.
Бұл жинақ – азаматтық қорғау саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, ел қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек еткен ардагерлердің өмір жолы мен еңбегін ардақтайтын тарихи естелік.
Кітапта тәуелсіздік жылдары азаматтық қорғау жүйесіне – Төтенше жағдайлар министрлігіне біріктірілген Азаматтық қорғаныс, өрт күзеті, бақылау қадағалау және құтқару қызметтері жүйесін құру және дамыту тарихы қысқаша баяндалған.