Қызметтік автокөлік жүргізушілерін даярлау деңгейін арттыру және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында басым бағыттардың бірі бейінді оқу ұйымдарымен өзара іс-қимылды дамыту болып табылады.
Осыған байланысты автомектеппен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы шешім қабылданды. Бұл жүргізуші мәдениетін арттыруға, қиын жағдайларда қауіпсіз жүргізуді пысықтауға, сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерін білуді өзектендіруге бағытталған тұрақты оқыту іс-шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.