Депутаттар төтенше жағдай қызметінің бүгінгі ахуалымен танысты.
Кездесуде қауіпсіздік деңгейін артыру мақсатында, дағдарыс орталығы, құлақтандырудың облыстық жүйесін құру, радиобайланыс құралдарын жаңарту, коммуналдық жағажайларды салу, бейнемониторинг жүйелерін, жылжымалы басқару пунктін құру, су құйылмалы бөгеттерді салу, су деңгейінің көтерілуіне мониторинг жүргізу құралдарын сатып алу, өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің жарақталуы бойынша мәселелер көтерілді.
Халық қалаулылары кездесуде көтерілген мәселелердің барлығы еліміз үшін өте өзекті болып табылатынын айтып, мәжіліс мінберінде көтерілетінін жеткізді.