БҚО ТЖД Құтқарушы-нұсқаушыларды оқытуды өткізді

БҚО ТЖД Құтқарушы-нұсқаушыларды оқытуды өткізді

БҚО Департаментінің Жедел-құтқару жасағында жағажайларда және балалардың сауықтыру лагерлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағажайлардың құтқарушы-нұсқаушылары дайындалды.

Мамандар кәсіби біліктілікті арттыруға және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындыққа бағытталған қарқынды оқыту бағдарламасынан өтті.

Білім беру бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімді қамтыды. Практикалық сабақтар жедел-құтқару жасағының білікті қызметкерлерінің сүйемелдеуімен манекендерді, тренажерларды және оқу жабдықтарын пайдалана отырып өткізілді.

БҚО ТЖД Баспасөз қызметі