ҚР ТЖМ әскер қатарына жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Маңызды шараға ардагерлер, сарбаздардың туыстары мен жақындары жиналды.
Департамент бастығының орынбасары М. Муратов және ТЖМ қатарында қызмет еткен ардагерлер сарбаздарға рух беріп, адал қызмет етуге шақырды.
Құтқарушылар шара аясында өрт-қолданбалы спорт ойындарын көрсетіп, заманауи техникалар мен олардың мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.
Бұл жастарға Отан алдындағы борышын өтеумен қатар, одан әрі дамуға мүмкіндік береді.
Әскерге шақырылушыларды Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің 2-батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Нұрсұлтанов алып баратын болады.
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі