Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу

Тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу

           Өрттердің көпшілігі тұрғын үй секторында болады. Өрттердің туындауына және адамдардың қаза болуына себеп болған негізгі себептер: отты абайсыз пайдалану, электр аспаптары пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу және өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау.

Өрттердің алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторы бойынша профилактикалық рейдтер жүргізеді. Аулаларды аралау жүргізу шеңберінде тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер, нұсқамалар жүргізіледі, өрт туындаған жағдайдағы іс-қимылдар, шұғыл қызмет телефондары бар жадынамалар мен парақшалар таратылады.

Тұрғын үй секторында өрттерді болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларының қарапайым талаптарын қатаң сақтау қажет:

- төсекте темекі шекпеңіз;

- қоқыс жәшігінде темекі тұқылын сөндірмеңіз;

- тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарының жанында от және қоқыс жақпаңыз;

- ақаулы электр құралдарын пайдаланбаңыз;

- оқшаулағышы зақымдалған немесе қорғаныш қасиетін жоғалтқан электр сымдарын пайдаланбаңыз;

- бірден бірнеше электр тұтынушыларын бір розеткаға қосу арқылы электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;

– кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз-балалардың отпен ойнауы да өрт себептерінің бірі болып табылады.

 

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы