Меню
Страницы

ҚР ТЖМ Әскери бөлімдеріне мерзімді қызметшілерді қабылдау және күзгі кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік туралы

ҚР ТЖМ Әскери бөлімдеріне мерзімді қызметшілерді қабылдау және күзгі кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік туралы

Ағымдағы жылғы 10 қараша күні БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы полковник Теміржан Ермекұлы Танжанов өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР ТЖМ Әскери бөлімдеріне мерзімді қызметшілерді қабылдау және күзгі кезеңде су айдындарындағы қауіпсіздік  туралы» тақырыбында брифингке қатысты.

Осы күзде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 350-ден астам адамды шақыруды жоспарлап отыр, оның 30-ы Батыс Қазақстан облысынан ҚР ТЖМ №28237 (Алматы облысы Ұзынағаш ауылы) және №52859 (Қарағанды қаласы) әскери бөлімдеріне мерзімді қызмет өткеру үшін шақырылады.

Әскерге шақырылушыларды азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдеріне жіберу ағымдағы жылдың 18 қарашасында жоспарланып отыр.

Мерзімді әскери қызмет кезеңінде жауынгерлік даярлықта тәртіпті және жоғары нәтижелерге қол жеткізген жекелеген, неғұрлым лайықты әскери қызметшілерге ЖОО гранты есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігі берілетін болады.

Облыс аумағында күзгі кезеңде балық аулау кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр.

Департамент қызметкерлері күзгі балық аулау маусымы басталғаннан бері облыс аумағында мүдделі органдармен бірлесіп балық аулауға рұқсат беру кезінде – 356, аңшылық және балық аулау дүкендерінде – 337, сондай–ақ рейдтер кезінде 368 түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, су айдындарында мұз әлі қатқан жоқ, осыған байланысты облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында азаматтарды балық аулаудағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз:

1) дұрыс жабдықталған және жарамды қайықта ғана суда қауіпсіз қозғалуға болады;

2) қайықтан балық аулау кезінде жүзе білу маңызды — бұл дағды сізге өзіңізді және досыңызды құтқаруға көмектеседі;

3) жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін жағадан алыс кетпеген тиімді;

4) балық аулауға кетер алдында орны туралы туыстары мен жақындарына міндетті түрде хабарлау, сондай-ақ балық аулаудан қайту уақытын нақтылау қажет.

Қайықтан су айдынына балық аулауға барар алдында қайықтың жай-күйін мұқият тексеріңіз, ескектердің жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.

Кез-келген төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл түрде «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации