Жетісу облысы ТЖД орман өрттеріне жылдам және тиімді әрекет ету және жұмысты үйлестіру деңгейін көтеру мақсатында OrmanKZ мобильді қосымшасын енгізді. 2025 жылдан бастап департамент қызметкерлері бұл қосымшаны орман карталарымен жұмыс істеу және жағдайды бақылау үшін пайдаланады.
OrmanKZ — смартфондар мен планшеттерге арналған мобильді қосымша, орман карталарымен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді, тіпті оффлайн-режимде де қолдануға болады. Бұл мүмкіндіктің маңызы ерекше, себебі интернетке қол жетімділігі шектеулі өңірлерде жұмыс істеу үшін өте қажет. Қосымша орман өрттерін бақылау үшін пайдалы құралдар ұсынып, жағдайды жылдам және дәл бақылауды қамтамасыз етеді.
Жетісу облысында OrmanKZ қосымшасының функционалдығы көрсетілген кездесу өтті. Кездесуде қосымшаны тиімді пайдалану және оның Жетісу облысы ТЖД үшін одан әрі жетілдірілуі бойынша мәселелер талқыланды.
Бұл шешім департаменттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін модернизациялау мен инновациялық технологияларды енгізу бағытындағы маңызды қадамы болып табылады.
Жетісу облысы ТЖД кез келген төтенше жағдайға тез және тиімді жауап беру үшін жұмысын жалғастырып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз инфрақұрылымын үнемі дамытып келеді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі