Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғау бойынша XIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты

Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғау бойынша XIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының базасында өткен «Азаматтық қорғаудың тарихи аспектілері, өзекті мәселелері және даму перспективалары» атты XIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференция барысында азаматтық қорғауды қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға әрекет ету тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс жүйесінің тарихи аспектілері талқыланды.

Жетісу облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Тлеуханов Д.Т. «Зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің маңыздылығы және оларды жетілдіру жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде төтенше жағдайлар кезінде халықты қабылдау пункттерін тиімді ұйымдастырудың, оларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етудің және төтенше жағдайларға әрекет ету жүйесіне кіріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Конференцияға қатысу ТЖД өкілдеріне азаматтық қорғау саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға, азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту бойынша перспективалық бағыттарды талқылауға және алдағы негізгі міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі