
Қар көшкіні – бұл тау беткейінен 20-30 м/с жылдамдықпен түсетін немесе қозғалатын қардың массасы. Қар көшкінің түсуі үлкен қирауды тудыратын табиғи құбылыс.
Қар көшкінінің түсу себептері: ұзақ уақыт бойы қардың қалың түсуінен, қардың қарқынды еруінен, жарылыстармен таулы беткейлердегі жер сілкінісінен немесе ауа райының күрт өзгеруінен туындайды.
Қар көшкіні ғимараттардың, инженерлік құрылыстардың бұзылуына, жолдар мен тау шатқалдарының тығыздалған қармен жабылуына әкелуі мүмкін. Көшкіннен көбінде таулы аудандардың тұрғындары, туристер, альпинистер, геологиялық барлауылар, және шекарашылар зардап шегуі мүмкін.
Жетісу облысының таулы аймақтарында 61 қар көшкіні қауіпті учаскелер бар.
Анықтама үшін: Текелі қ.–35, Ескелді-10, Панфилов–9, Кербұлақ–4 және Сарқан аудандарында –3.
Осыған орай Жетісу облысы ТЖД қар көшкіні кезіндегі мінез құлықтың негізгі ережелерін ұсынады:
ЕГЕР СІЗ ҚАУІПТІ АЙМАҚТА БОЛСАҢЫЗ:
Қар мен қолайсыз ауа райында тауға шықпаңыз; тауларда болған кезде ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз; тауға шыққанда, сіздің жолыңызда немесе серуендеу аймағында қар көшкіні болуы мүмкін жерді біліңіз. Қар көшкіні болуы мүмкін жерлерден аулақ болыңыз. Олар көбінесе тік беткейлерден 30' -та, егер бұталар мен ағаштар болмаса, көлбеу 20' - та. Ал 45' - тен жоғары тік болған кезде, қар көшкіні әр қар жауған сайын түседі.
- ЕГЕР ҚАР КӨШКІНІ СІЗДІ БАСЫП ҚАЛСА:
Мұрын мен ауызды қолғаппен, шарфпен, жағамен жабыңыз; қар көшкінінде қозғалғанда, қолдың жүзу қимылымен қар көшкінінің бетінде қалуға тырысыңыз, жылдамдық төмен жиекке қарай жылжытыңыз. Қар көшкіні тоқтаған кезде, бет пен кеудеге жақын кеңістік құруға тырысыңыз, ол тыныс алуға көмектеседі. Егер мүмкін болса, жоғарғы жағына қарай жылжыңыз. Қар көшкіні түскеннен кейін айқайламаңыз, қар дыбыстарды толығымен сіңіреді, ал айқайлар мен мағынасыз қозғалыстар сізді күш, оттегі мен жылудан айырады. Өзіңізді жоғалтпаңыз, сабыр сақтаңыз, ұйықтап қалмаңыз, сізді іздейтініңізді ұмытпаңыз (қар көшкінінің астынан адамдарды бесінші, тіпті он үшінші күні құтқарған жағдайлар болған).
Жетісу облысы ТЖД
баспасөз қызметі