
Жетісу облысы полиция департаменті Талдықорған басқарма полиция патрульдік қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Тарасұлы Базарбаев өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
2023 жылдың 2 қазан күні Талдықорған қаласын патрульдеу кезінде «Жанна» дүкенінің өртенгенін байқады. Бірінші қабаттың есіктері терезелері жабық болып шықты. Полиция қызметкері шатырға көтеріліп, терезеден қарт адам мен жас қыз тұрған екінші қабаттағы пәтерге кірген. Эвакуациядан кейін Д.Т. Базарбаев үйден екі газ баллонын алып шықты.
Даниярдың батыл және сауатты әрекеттерінің арқасында екі адамның өмірі сақталды.
Даниярдың батылдығы назардан тыс қалмады, Жетісу облысы ТЖД бастығы полковник Бекбосынов Нұрлан Сәкенұлы, аталған медальді салтанатты түрде табыс етті.
«ТЖ Министрінің атынан көрсеткен батырлығы үшін алғыс айтамыз! Көмек қолын созу нағыз құрметке лайық аса маңызды адамдық қасиет», - деп атап өтті Жетісу облысы ТЖД бастығы.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі