Аздап тұтану немесе өрт туындаған кезде дереу "101" телефоны бойынша өрт күзетін шақырыңыз, тұтану ошағын жоюға және адамдар мен мүлікті үй-жайлардан эвакуациялауға кірісіңіз.
Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз!
* Қосылған электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.
* Электр сымдарының, розеткалардың, ажыратқыштардың жарамдылығын бақылаңыз.
* Қосылған электр үтіктер, электр плиталары, электр шәйнектері жанбайтын тіреулерге (кірпіш, мәрмәр, керамика, гипс) қойыңыз.
* Балаларға сіріңкемен ойнауға және ағаш құрылыстардың жанында от жағуға, құрғақ шөп, терек мамықтарын жағуға жол бермеңіз.
* Егер сіз пәтерден кетсеңіз, ал кішкентай балалар үйде жалғыз қалса-олардан сіріңкелерді жасырыңыз, электр жылыту құралдарын алып тастаңыз, теледидарды өшіріңіз, пеште бықсыған көмірді сөндіріңіз.
* Жертөлеге және шатырға кіретін есіктер құлыптармен жабылып, жертөле жанғыш қоқыстардан тазартылғанына көз жеткізіңіз.
* Төсекте темекі шегуге болмайды, әсіресе мас күйінде.
* Ақаулы пештерді қыздырмаңыз, құбырлар мен түтіндіктерді күйеден уақтылы тазалаңыз.
* Қосылған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз
Есіңізде болсын ! Өрт сөндіруге қарағанда алдын алу оңай!
Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау және өртке қарсы бұзушылықтарды уақтылы жою-тұрғын үй мен жеке мүліктің оттан сақталуына кепілдік беру.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі