Жетісу облысының аумағында үсік сақталуда

Жетісу облысының аумағында үсік сақталуда

«Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 16 қыркүйектегі дауылды ескертуі негізінде, ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың орталығы мен таулы аймақтарда 1-6 градус үсік сақталуда, ал Талдықорған қаласында 1-3 градусқа дейін күн суытады.

Жетісу облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі