Жетісу облысында шомылу маусымына дайындық талқыланды

Жетісу облысында шомылу маусымына дайындық талқыланды

Жетісу облысында шомылу маусымына дайындық барысы бойынша брифинг өткізілді. Онда өңірде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.

Бүгінде облыс аумағында суда жаппай демалуға арналған 4 ресми орын белгіленген. Осы бағытта су айдындарының түбін тазарту, қауіпті учаскелерге тыйым салу белгілерін орнату және жағажайларды қажетті құралдармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуге дайын. Сондай-ақ Алакөл мен Балқаш жағалауларында қосымша қауіпсіздік нысандары орнатылып, рейдтік және түсіндіру шаралары тұрақты түрде өтуде.

Мамандар тұрғындарды судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Себебі судағы қауіпсіздік — әр адамның жеке жауапкершілігі.