
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қызметкерлердің кәсіби мәдениетін арттыруға бағытталған мазмұнды семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараға азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және ұжымдағы өзара қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады.
Семинар барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, сондай-ақ құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі талаптарын жеткізуге ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға аталған нормативтік құжаттардың талаптары түсіндіріліп, олардың мемлекеттік қызметте адалдық, жауапкершілік және ашықтық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді. Сондай-ақ кездесу барысында нақты жағдайлар, белгіленген киім нысанын сақтау және әріптестер арасындағы сыйластықты нығайту мәселелері қарастырылды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай іс-шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және кәсіби жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.