Жетісу облысында өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

Жетісу облысында өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

Жетісу облысында өрт қауіпті кезең аясында рейдтік іс-шаралар белсенді түрде жүргізілуде.

Кезең басталғалы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен табиғи және тұрмыстық өрттердің алдын алуға бағытталған 25 рейд ұйымдастырылды. Профилактикалық іс-шаралар барысында азаматтардың өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауына, сондай-ақ құрғақ өсімдіктер мен қоқысты жағуға жол бермеуге ерекше назар аударылуда.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Құтқарушылар тұрғындарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға және өрттің туындауына әкелуі мүмкін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.