
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінде құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен бейнеконференция форматында жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында өрт сөндіруді ұйымдастыру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, өрт сөндіру деполарын салу және күрделі жөндеу, сондай-ақ бөлімшелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мәселелері қаралды.
Кеңеске қатысушыларға қаралған бағыттар бойынша Өртке қарсы қызмет комитетінің талдаулары, оның ішінде 2025 жылдың 12 айы бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жай-күйіне қатысты талдау мәліметтері жеткізілді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.