Қауіпсіздік бақылауда: су айдындарында ауқымды профилактикалық рейдтер өтуде

Қауіпсіздік бақылауда: су айдындарында ауқымды профилактикалық рейдтер өтуде

    Жетісу облысының құтқарушылары өңірдің су айдындарында мұз үстінде ауқымды профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуде.

   Рейдтер аясында мамандар қауіпсіздік шараларының сақталуын күшейтіп, балықшылар мен демалушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ қысқы су айдындарындағы мінез-құлық ережелерін еске салуда. Мұзға адамдар жаппай шығатын орындарға ерекше назар аударылады.

   Профилактикалық жұмыс жүйелі және тұрақты түрде ұйымдастырылған. Іс-шараларға әуе жастықшалы кеме мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылған, бұл акваторияның едәуір бөлігін қамтып, жағдайды әуеден жедел бағалауға мүмкіндік береді.

   Құтқарушылар азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және өз өмірлерін қауіпке тікпеуге шақырады.

  Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігінен басталады.