
Талдықорған қаласында балабақша тәрбиеленушілері өрт сөндіру бөліміне танымдық экскурсияға барды.
Балалар құтқарушылардың қызметімен жақын танысты: олардың күнделікті жұмысын, кезекшілік кезіндегі тұрмыс-тіршілігін, демалыс бөлмелерін көрді.
Әсіресе өрт сөндіру техникасы ерекше қызығушылық тудырды — балалар арнайы автокөліктер мен құрал-жабдықтарды қызыға тамашалап, төтенше жағдай кезінде құтқарушылардың қалай әрекет ететінін білді.
Экскурсия кішкентай қонақтарға жарқын әсер сыйлап, қауіпсіздік ережелері туралы маңызды білім берді. Мүмкін, бұл кездесу олардың болашақ мамандығын таңдауға алғашқы қадам болған шығар.