ТЖМ тікұшағы шұғыл санитариялық рейс орындады

ТЖМ тікұшағы шұғыл санитариялық рейс орындады

       «Казавиаспас»  экипажы санитариялық авиация бригадасымен бірлесіп 2010 жылы туған жасөспірімді жедел түрде тасымалдауды жүзеге асырды.

       Талдықорған – Жаркент – Талдықорған бағыты бойынша санитариялық рейс шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында орындалды. Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында науқас аман-есен медициналық мекемеге жеткізіліп, мамандарға тапсырылды.

      ТЖМ тікұшақтары шалғай елді мекендердің тұрғындарына жедел көмек көрсету үшін тәулік бойы дайындық режимінде жұмыс істейд