Ел болашағына бағытталған ашық диалог: Жетісуда жаңа Конституция жобасы талқыланды

Ел болашағына бағытталған ашық диалог: Жетісуда жаңа Конституция жобасы талқыланды

       Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған түсіндіру іс-шарасы өтті.

      Кездесу ведомствоның жеке құрамы үшін ұйымдастырылды. Елімізде мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, демократиялық институттарды дамытуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған жаңа Негізгі заңды әзірлеу бастамасы көтерілгені белгілі.

      Осыған байланысты конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын кеңінен түсіндіру және ашық пікір алмасу ерекше маңызға ие. Іс-шараның спикері ретінде облыстық мәслихат депутаты, «Ақ жол» партиясы облыстық филиалының төрағасы Егінбаев Ермек Молдақұлұлы сөз сөйледі.

     Өз баяндамасында ол қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихына шолу жасап, ұлттық құндылықтардың сабақтастығын атап өтті, сондай-ақ Негізгі заңның заманауи Қазақстанды дамытудағы рөліне тоқталды.

    Мұндай кездесулер жеке құрамның құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік реформаларға саналы көзқарас қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.