Құтқарушы мамандығы — батылдардың таңдауы: оқушылармен кездесу

Құтқарушы мамандығы — батылдардың таңдауы: оқушылармен кездесу

      Идеологиялық жұмыс аясында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Талдықорған қаласындағы Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің    11 «А» сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара «Ашық есік күні» және «Құтқарушының кезекші ауысымындағы бір күн» тақырыптарына арналды.

      Кездесу барысында оқушылар құтқарушылардың күнделікті қызметімен танысып, авариялық-құтқару жұмыстары кезінде қолданылатын арнайы құрал-жабдықтар мен техникалардың мақсаты туралы жан-жақты ақпарат алды. Құтқарушылар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндірді.

     Сонымен қатар, іс-шара аясында М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу мүмкіндіктері туралы агитациялық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға болашақта құтқарушы мамандығын таңдаудың маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтылды.

     Мұндай кездесулер жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық қорғау саласына қызығушылығын арттыруға бағытталған.