
Жетісу облысында Төтенше жағдайлар департаментінің үйлестіруімен жергілікті атқарушы органдар тарапынан бекітілген жоспарлар аясында су тасқынына қарсы кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Облыс аудандарында өзен арналарына механикалық тазалау және түбін тереңдету, қорғаныш бөгеттерін жөндеу, сондай-ақ су бұру арналарының құрылысы жүргізілуде.
Қаратал ауданында Қаратал өзенінде Тастөбе ауылы маңында арнаны тазалау және түзету, сондай-ақ үйінді бөгетті жөндеу жұмыстары жалғасуда. Аталған шаралар су тасқыны кезеңінде Тастөбе және Қаражиде елді мекендерін су басу қаупін азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар су тасқыны қаупі бар өзен учаскелерінде гидрометеорологиялық жағдай мен су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде. Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары жалғасуда.