
Ағымдағы жылдың 4 ақпанында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, оған Төтенше жағдайлар департаментінің басшылық құрамы қатысты. Отырыста су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері, сондай-ақ қазіргі уақытта атқарылып жатқан және жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шаралар қаралды.
Қатысушылар жауапты қызметтердің дайындығын, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйін және елді мекендерді су басу қаупін төмендету бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады. Су тасқыны кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға қажетті іс-шараларды уақытылы әрі сапалы орындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Су тасқыны кезеңіне дайындыққа қатысты жағдай тұрақты бақылауда