
Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көру қабілеті шектеулі азаматтарға арналған, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындық деңгейін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, өмірі мен денсаулығын сақтау үшін сақталуы тиіс негізгі қауіпсіздік шаралары еске салынды. Ерекше назар төтенше жағдай туындаған алғашқы минуттардағы іс-қимыл алгоритміне аударылды.
Түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Брайль қарпімен дайындалған арнайы жадынамалар қолданылды. Мұндай формат ақпаратты аудиторияның қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, қолжетімді әрі түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін күшейтуге бағытталған.