
Қалалық жол қозғалысының мәдениетін арттыру және төтенше жағдай қызметтеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру мақсатында Талдықорғанда ТЖД қызметкерлері жергілікті блогермен бірлесе отырып «Жол бер» атты әлеуметтік-профилактикалық акция өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — жүргізушілерге өрт сөндіру және басқа да төтенше жағдай техникасына, шақыртуға дереу жету үшін жарық және дыбыс дабылдары қосылған көліктерге жол берудің маңыздылығын еске салу. Арнайы техниканың кедергісіз қозғалысы адамдардың өміріне, қауіпсіздігіне және мүліктің сақталуына тікелей әсер етеді.
Акция барысында қала жүргізушілері арасында сауалнама өткізілді. Қатысушылардан жолдағы дабылдарға қалай әрекет ететіні және жол қозғалысы ережелерін сақтау маңыздылығын түсінетіндері туралы сұралды.
ТЖМ қызметкерлері осындай профилактикалық шаралар қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және құтқарушылардың жұмысына құрметті арттыруға көмектесетінін атап өтті.
ТЖМ барлық жол қатысушыларын абай болуға және төтенше жағдай техникасына әрдайым жол беруге шақырады.