Жетісу облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жетісу облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүзеге асырылуда

Жетісу облысында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары 2025 жылдың көктем–жаз айларынан бастап алдын ала қолға алынды. Бекітілген инженерлік және облыстық жоспарларға сәйкес су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар аясында 24 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды. Су тасқыны қаупі бар учаскелерде 14 км су бұру арналары орнатылып және тазартылды, 3 км қорғаныс дамбалары жөнделді, 11 км өзендер мен каналдардың арналары механикалық тазалаудан өтті, сондай-ақ 13 км өзен арналары тереңдетіліп, жағалаулары нығайтылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17 елді мекенді су басу қаупі төмендетілді. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және паводок кезеңінің тұрақты өтуіне бағытталған.