
Бүгін Жетісу облысы Алакөл ауданында ауа - райының нашарлауына байланысты жабылған Үшарал–Достық автожолының 110 - шақырымындағы Ырғайты учаскесінде қар құрсауында қалған 3 жеңіл автокөліктен адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілді.
ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағының күшімен 7 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылып, Көктұма ауылына жеткізілді. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады.
ТЖМ азаматтарды ауа-райы нашарлаған кезде жолға шығар алдында жағдайды ескеруге және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.