
Қаратал ауданында Жетісу облысы ТЖД ардагерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға аудан әкімі қатысты. Кездесу барысында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен көпжылдық еңбегі үшін ардагер Балшенов Талғатқа «Құрметті ардагер» медалі табысталды.
Іс-шара барысында қызмет өкілдері өрт сөндіру бөліміне де барып, ардагер Лидия Васильевнаны келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, оның мамандыққа деген адалдығы мен жас ұрпаққа үлгі болған қызметі үшін алғыстарын білдірді
Осындай кездесулер ардагерлерге көрсетілетін құрметті арттырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, қоғам игілігіне қызмет ету дәстүрін жалғастыруға мүмкіндік береді
Жетісу облысы ТЖД