
Жетісу облысында ТЖД, полиция және еріктілердің қатысуымен қысқы су айдындарындағы қауіпсіздікке бағытталған «МҰЗ» акциясы өтті.
Іс-шара барысында қысқы балық аулау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Тұрғындарға мұз үстіндегі қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндіріліп, су айдындарындағы мұздың әлі толық қатпағаны және мұзға шығудың қауіпті екені ескертілді.Мұз үстіне шығу адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.
Акцияға қатысушыларға су айдындарының маңында сақтық шараларын сақтау тәртібі түсіндіріліп, мұз ойылып кеткен жағдайда қандай әрекет жасау керектігі жөнінде ақпарат берілді.