
Жетісу облысы ТЖД Жетісу облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі қызметкерінің қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында қолданыстағы қылмыстық кодекс және әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершіліктері туралы мәселелер қарастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Осындай іс-шараларды өткізу жеке құрам арасында отбасылық проблемалардың алдын алуға септігін тигізеді.
Азаматтық қорғау органдарында радикалды діни ағымдардың, терроризм мен экстремизмнің идеологиясына жол бермеу мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Жиынға Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының Ақапараттық-түсіндіру жұмысы және БАҚ-пен байланыс бөлімінің маман-теологі шықырылды.Семинар барысында қызметкерлермен радикалды діни ағымдарға психологиялық тұрғыдан қандай адамдар бейім болады деген сұрақтар талқыланды.
Семинардың негізгі мақсаты – жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сонымен қатар диструктивті діни ағымдардың жолына түспеу туралы жеткізілді.