Жетісуда қар құрсауында қалған 53 адам эвакуацияланды

Жетісуда қар құрсауында қалған 53 адам эвакуацияланды

Жетісу облысында қатты қарлы боран кезінде ТЖМ құтқарушылары полициямен бірлесіп 53 адамды эвакуациялады. «Сарыөзек–Көктал» автожолының 15–40 шақырымында 14 жеңіл көліктен 47 адам құтқарылып, тағы бір автокөлік қар құрсауынан шығарылды.

«Ұшарал–Достық» трассасының Теректы учаскесінде 2 көліктен 6 адам эвакуацияланып, олар Көктұма станциясына жеткізілді.

Құтқару қызметтерінің мәліметінше, барлық азаматтардың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салады.