Қысқы шытырман оқиға: Қар құрсауынан 6 адам құтқарылды

Қысқы шытырман оқиға: Қар құрсауынан 6 адам құтқарылды

 112 пультіне Жетісу облысы Алакөл ауданында республикалық маңызы бар Ушарал–Достық автожолының 40-шы шақырымында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалғаны туралы хабар түсті.

Көлікте болған 6 адам өздерін эвакуациялауды өтінді.

 Оқиға орнына жедел түрде Ақши ауылдық жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері шығып, жеңіл автокөлікті қар құрсауынан шығарып алды.

 ТЖМ жүргізушілерге ауа райы қолайсыз кезде жолға шықпауға, алдын ала ауа райы болжамын тексеруге және жол жағдайын ескеруге кеңес береді.