
2025 жылғы 30 қазанда Жетісу облысына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі Б.Қ. Әбдішев жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) ұжымына департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы — азаматтық қорғау полковнигі Қанат Дүйсенбекұлы Алтынбековты таныстырды.
Қанат Алтынбеков 1979 жылғы 30 шілдеде Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «инженер-электрик» және «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірді. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін 2002 жылы бастады.
2010 жылдан бастап әртүрлі басшылық лауазымдарда атқарды. 2022–2025 жылдары — Жетісу облысы ТЖД бастығының орынбасары. 2025 жылғы маусымнан — Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары. 2025 жылғы 29 қазаннан бастап Жетісу облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі