«Қауіпсіздікті қорғауда 30 жыл»

«Қауіпсіздікті қорғауда 30 жыл»

17 қазан күні Жетісу облысы ТЖД І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығына арналған мерейтойлық шара өткізді. Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев қатысып, Жетісу облысы ТЖД-нің үздік қызметкерлеріне Жетісу облысы әкімінің атынан «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатпен» табыстады.
Қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған құтқарушылар үнсіздікпен еске алынды. Департамент бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Адамбек Жеңісұлы Оразалинов министр атынан «ТЖМ-ге 30 жыл» мерекелік медалін, мерзімінен бұрын арнаулы атақтарды, «Құтқарушы» төсбелгісін, грамота және алғыс хаттарды ардагерлерге және қызметкерлерге табыстады.
Қауіпсіздік үшін күн сайын еңбек ететін барлық құтқарушыларға алғыс!

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі