Жетісулық құтқарушылар қоян-қолтық ұрыстан өткен турнирде жүлдегер атанды

Жетісулық құтқарушылар қоян-қолтық ұрыстан өткен турнирде жүлдегер атанды

2025 жылғы 17–18 шілде аралығында Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогына арналған ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан II республикалық турнир өтті.

Жарысқа ТЖМ-нің аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінен 24 команда құрамында 226 қызметкер қатысып, түрлі салмақ дәрежелерінде күш сынасты. Турнир қатысушылардың физикалық дайындық деңгейін, төзімділігі мен кәсіби шеберлігін паш етті.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңір намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды:

– Айбол Жұмақалымов (97 кг),

– Санжар Жақсылықбаев (88 кг),

– Жанела Нәбиева (58 кг)

өз салмақ дәрежелерінде үшінші орын иеленді.

Жетісу облысы ТЖД спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік пен биік белестер тілейді.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі