Қостанай қаласында өткен өрт-құтқару спортынан жазғы республикалық чемпионатта Жетісу облысының құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздарды облыстық ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Айдар Шәріпбай қарсы алып, команданың кәсіби шеберлігі мен еңбегін атап өтті.
Чемпионат нәтижелері бойынша жетісулық спортшылар келесі жетістіктерге қол жеткізді:
Шабуыл сатысымен көтерілу
— Жоғары топ жасөспірімдер арасында: 2 орын – Немтинов Даниил
— Кіші топ жасөспірімдер арасында: 3 орын – Матвиенко Роман
100 метр кедергілер жолағы
— Кіші топ жасөспірімдер арасында: 2 орын – Матвиенко Роман
Мотопомпадан жауынгерлік қанат жаю
— Ерлер командасы: 3 орын
Бұл жетістік – Жетісу өңірі құтқарушыларының тұрақты жаттығуы мен кәсіби дайындығының айғағы. Команда мүшелерінің бірлігі мен табандылығы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға мүмкіндік береді.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз-қызметі