2025 жылғы маусым айында сел маусымына дайындық аясында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазселезащита» ММ мамандарымен бірлесіп Жетісу Алатауы жоталарында жоспарлы аэровизуалды тексеру жұмыстарын жүргізді.
Бақылау бағыты Қора, Шажа, Көктал, Көксу, Үсек, Тышқан, Чежин және Хоргос өзендерінің бассейндерін қамтыды — бұл аумақтар маусымдық сел жүруі мүмкін және мореналық-метаморфты көлдердің түзілуіне бейім болып табылады.
Тексеру нәтижесі бойынша анықталды:
Қазіргі уақытта таулы аймақтардағы жағдай тұрақты және бақылауда. Алайда маусым айының ауа райы құбылмалы болғандықтан (жауын-шашын, ыстық), сел жүру қаупі жоғарылайды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі