Статистика – дабыл қағады
2025 жылдың алғашқы бес айында Жетісу облысында 170 өрт тіркелді — бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп (2024 ж. — 144 өрт). Олардың ішінде:
- 109 өрт тұрғын үйлерде (+18%)
- •37 — көлік құралдарында (+48%)
- •9 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды (2024 ж. — 2 адам қаза тапқан).
Өлім-жітім 4,5 есеге артты.
Өрттер не себепті орын алады?
- Газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбау. Газдың ағып кетуі, ескі шланг, қараусыз қалған плитка – бәрі оттың тұтануына әкелуі мүмкін.
- Электр құралдарының қызып кетуі. Ескі сымдар, жарамсыз розеткалар мен артық жүктеме – өртке себепші болатын негізгі факторлар.
- Құрғақ ауа райы мен ыстық. Жазда өрт тез таралады, әсіресе аулалар мен қураған өсімдіктерге толы аумақтарда.
- Адамның салақтығы немесе немқұрайлығы. Бір сәттік ұмытшақтық немесе бейқам әрекет — қайғылы оқиғаға апарып соғуы мүмкін.
Өмірді құтқаратын қарапайым ережелер
- Газ плиталарын, пештерді қараусыз қалдырмаңыз
- Газ жабдықтарының жағдайын жүйелі түрде тексеріңіз
- Розеткалар мен ұзартқыштарды артық жүктемеңіз
- Сіріңке мен оттықтарды балалардан аулақ ұстаңыз
- Қураған шөп пен қоқысты уақытылы тазалаңыз
- Ашық отты тұрғын үйдің жанында жақпаңыз
Егер өрт болса…
Саспай, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Уақытылы шақырылған құтқарушылар — өмір мен мүлікті сақтап қалудың басты кепілі.
Өртті сөндіргеннен гөрі, алдын алған оңай.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы сіз өзіңізді де, жақындарыңызды да қорғайсыз.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі