Сарқанда жазғы лагерь балаларына арналған Ашық есік күні өтті

Сарқанда жазғы лагерь балаларына арналған Ашық есік күні өтті

Сарқан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, оларды өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмысымен таныстыру және жаз мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын түсіндіру болды.

Балаларға арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар көрсетіліп, олардың не үшін және қалай қолданылатыны туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, ТЖ қызметкерлері алғашқы көмек көрсету, өрт кезіндегі әрекеттер және 112 қызметіне хабарласу ережелерін түсіндірді.

Кішкентай қонақтар өрт сөндіру көліктеріне мініп көріп, шлем киіп, құтқарушылармен естелікке суретке түсті.

Осындай кездесулер балалардың қауіпсіздік туралы түсінігін арттырып қана қоймай, құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын да оятады.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі