Бүгін Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері Мемлекеттік Туды көтеріп, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау рәсіміне қатысты.
Ту мен Әнұран – жай ғана рәміз емес. Бұл – еркіндіктің лебі, бірліктің белгісі, кім екенімізді еске салатын қасиетті құндылықтар.
Жетісулық құтқарушылар барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды. Мұндай күндер – Отанға деген сүйіспеншілікті, құрмет пен мақтаныш сезімін оятатын ерекше сәттер.