10 простых шагов при землетрясении: памятка для населения

10 простых шагов при землетрясении: памятка для населения
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам: халыққа арналған жадынама
 
Жер сілкінісі — кенеттен болатын табиғи құбылыс. Осындай жағдайларда дұрыс әрекет ету — өміріңізді сақтап қалудың басты кепілі.
 
✅ Жер сілкінісі кезінде не істеу керек:
1.Сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз.
2.Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты қолданбаңыз.
3.Терезе, жиһаз, люстрадан алыста болыңыз.
4.Қауіпсіз жерге тығылыңыз: жоғарғы қабаттарда — негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына, берік үстел астына.
5.Төменгі қабаттарда — ғимараттан дереу шығыңыз, көпқабатты үйлерде — дүмпу тоқтаған соң шығыңыз.
6.Қажет болса, су, газ, электр қуатын өшіріңіз.
7.Алдын ала дайындалған дабыл сөмкесін алыңыз.
8.Электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан аулақ болыңыз.
9.Қайталама дүмпуге дайын болыңыз.
10.Қарттарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесіңіз.
 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі