Жыланмен кездескенде адам өзін қалай ұстауы қажет

Жыланмен кездескенде адам өзін қалай ұстауы қажет

           Күн райы күрт жылынуына байланысты табиғат аясында жыландар көптеп ұшырасады. Осы уақытта олар ұйқыларынан оянып, қозғалыста болады-тамақ іздейді және жұптасу маусымына дайындалады.

         Қазақстанда жыландардың 18 түрі тіркелген, олардың - тек үшеуі ғана улы. Олар улы жылан тұқымдасына жатады. Бұл кәдімгі тұмсықты дала жыланы және кәдімгі жылан. Қалғандары (уы жоқ, майда жыландар) адамдарға қауіп төндірмейді.

Жыландар көбінесе су нысандарының жанында, елді мекендердің шетінде, туристік маршруттарда, демалыс орындарында жиі кездеседі. Адамдармен қатарласа өмір сүретін жыланлар олар көбінесе улы емес жыландар. Олар адамның табиғи көршілері, олардан қорықпаған жөн, бірақ сақтық шараларын сақтау  керек.

Жыландармен кездесудің жағымсыз жағдайларын болдырмау үшін, аяқтың астына қарау, отыратын жерлерді тексеру керек. Жеке заттарды қараусыз қалдырмаңыздар, қолыңызды көлемді тастардың астына, шұңқырларға немесе қалың шөптің ігіне сұқпаңыз.

         Есіңізде сақтаңыз! Жыландар өздері бірінші шабуыл жасамайды және адам көзіне түссе мазасызданып, алдымен жасырынуға тырысады. Оларды ұстап алудың немесе өлтірудің қажеті жоқ. Егер оның кетуге мүмкіндігі болмаса, шағып алуы мүмкін. Жыланмен кездескенде сабырлық сақтаңыз, ол өзі кетеді.

         Шаққан кезде зардап шеккен адамды тыныштандырып, аяқ-қолдарын зергерлік бұйымдар мен киімдерден босатуы керек, өйткені жұмсақ бұлшық еттерінің ісінуі мүмкін. Алғашқы секундтарда біраз уды сығып көріңіз. Осылай істеу үшін Сіз шаққан жерді кеңінен үстап, удың бір тамшысын жылдам қысыммен сығып алуыңыз керек. Әрі қарай, шаққан жерді таза сумен және сабынмен немесе сутегі тотығымен жуу керек. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегушіні ауруханаға жеткізу керек.

         Жыландар экожүйенің маңызды бөлігі болып табылады. Олар табиғи тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін ұсақ кеміргіштер мен жәндіктердің санын реттейді. Олардан қорықпаңыз, тек құрмет пен сақтық шараларын танытыңыздар.

Өзіңізге және жақындарыңызды жылан шағу жағлайынан сақтаңыздар!

 

 ТЖ алдын алу басқармасының бастығы

Жатқанбаев Мадияр