Жамбыл облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда. Көктем-жаз мезгілінің басталуына байланысты тұрғын секторда өрттің шығу қаупі едәуір артып, су айдындарында демалушылар саны көбейіп келеді. Осыған байланысты облыс құтқарушылары халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Бұдан бөлек, Департамент бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен полиция өкілдерімен бірлесіп, су жағалауларында жаппай демалыс орындарында рейдтер өткізуде.
Жамбыл облысының құтқарушылары қауіпсіздік әрбір азаматтан басталатынын еске салады. Жауапты мінез-құлық, балаларға көңіл бөлу және қауіпсіздік ережелерін сақтау – тыныш әрі қауіпсіз демалыстың кепілі.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ