Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті жас мамандар мен олардың тәлімгерлеріне арналған танымдық іс-шара ұйымдастырды. Экскурсия аясында қатысушылар облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі Даңқ залына барып, Бауыржан Момышұлы мен басқа да ерлік көрсеткен қазақ батырларының өмір жолымен танысты.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында патриоттық рухты нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру және ұлттық құндылықтарды сақтау.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ