Жамбыл облысында сел қаупі бар аймақтарда орналасқан, сел қауіпін төндіретін 18 өзен бар. Қазақстан Республикасы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл аумақтық пайдалану басқармасы» филиалы сел қаупі жоғары кезеңде күнделікті бақылауды 8 тұрақты су бекеті (Қарақоныз, Аспара, Меркі, Қарақыстақ, Шалсу, Қайындысай, Талас, Көксай) арқылы, сондай-ақ 15 мамыр мен 15 қыркүйек аралығында қосымша 2 маусымдық гидробекет — жоғарғы Меркі (Меркі санаториінен 29 км жоғары, теңіз деңгейінен 2496 м биіктікте) және жоғарғы Аспара (Гранитогорск ауылынан 24 км жоғары, теңіз деңгейінен 2062 м биіктікте) арқылы жүзеге асырады. Сел қауіпті кезеңнің басталуына байланысты Меркі және Т. Рысқұлов аудандарында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Меркі өндірістік пайдалану бөлімі, Жамбыл аумақтық қорғаныс бөлімшесі, сондай-ақ Меркі және Т. Рысқұлов аудандарының төтенше жағдайлар бөлімдерімен бірлесіп, сел қаупі бар учаскелерде орналасқан халықпен, кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдерімен үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ